ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкентке жұмыс сапарының қорытындысында жиын өтіп, оған бірқатар министрлер, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Үшінші мегаполистің әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше ірі жобалар туралы баяндады. Олардың арасында әуежайдың жаңа терминалын салу, теміржол вокзалын қайта құру жобалары бар. Бұған қоса «Шымкент Сити» жобасы туралы да мәлімдеме жасалды. Онда республикалық бюджет қаржысына да ірі нысандар салынуда.
Шымкент қаласының әкімі Шымкентте 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға дайындық барысы туралы да баяндады.
Кеңейтілген мәжілісте, сонымен қатар, Шымкентте алдағы уақытта салынатын білім беру нысандары туралы талқыланды. Жаңа мектептердің құрылысына қаржы бөлу жөніндегі бюджеттік сұранымдар жіберілген.
shymkent.gov.kz