Бүгін Мемлекет басшысы Шымкентке алғашқы жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде

149

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке алғашқы жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде. Мемлекет басшысы Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығына барады.

Үшінші мегаполистің жаңа әуежай терминалымен, Қошқарата өзенінің жағалауларын, ежелгі Шымқаланың тарихи Цитадель жұмыстарымен танысып, қаланың солтүстік бөлігіндегі «Тұран» шағынауданының құрылысын көруге барады.

Сондай-ақ, «Азала Текстиль» тоқыма зауытына барады, онда Мемлекет басшысына үшінші мегаполистегі жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жобаларын таныстырылатын болады. Қазақстан Республикасының басшысы – «Medicare» жаңа медициналық орталығына да барады деп күтілуде.