Шымкентте адам өлтіріп, бөлшектеп тастаған қанішердің ісіне нүкте қойылды

496

Қанішер марқұмның денесінен құтылу үшін үш бөлікке бөлшектеп тастаған. Шымкентте былтырғы жылғы жаз айында болған адам өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған қылмыскердің ісі аяқталды.

Бұрын адам өлтіргені үшін сотты болған 42 жастағы Евгений П. түрмеден шыққан соң Шымкентке қайта оралған. Өткен жылғы 30 маусымда Евгений көзтанысымен кездесіп қалады. Бұл уақытта «басты кейіпкердің» анасы қыдырып кеткенін пайдаланып, досын сонда шақырып, ішімдік ішеді.

Араққа сялқия тойған екі достың арасында жанжал туындайды. Евгений досының басына бірнеше рет балғамен ұрып, сосын пышақтап тастайды. Содан кейін түк болмағандай ұйқыға кетеді. Келесі күні таңертең Евгений марқұмның денесінен құтылудың оңай жолын іздейді. Пышақпен балғаның көмегімен, мәйітті үш бөлікке бөліп, бәрін қалтаға салып, оны қоқыс контейнерлеріне тастайды.

Ол бір ай бойы жасырынып жүрген, дегенмен өткен жылдың шілде айында полицияға өзі келіп, болған оқиғаны баяндап береді.

Сот Евгенийді 17 жылға бас бостандығынан айырды. Жоғарғы органдар үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Данил Шемратов