Ордабасы ауданда ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.
«Ниссан» шағын автобусы мен «Ваз» көлігі соқтығысып қалған. Аудандық ПБ тәртіп сақшыларының мәліметінше шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысады.
Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған. Орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы: «ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған».