Министрлер «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын түсіндірді

186

Үкімет мүшелерінен құралған жұмыс тобы Шымкентке келді. Бұған дейін Батыс пен Солтүстікті шарлап шыққан министрлер тобы қала жұртшылығымен кездесті. «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын түсіндірді.

Гүлшара Әбдіхалықова бастаған жұмыс тобының құрамында әлеуметтік, денсаулық, білім және тұрғын үй коммуналды сала министрліктерінің өкілдері бар. Солардың арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың орны ерек.

Министрдің айтуынша, елімізде барлығы 830 мың адам жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алады деп күтіліп отыр. Оның 78-мыңға жуығы Шымкентте тұрады..

Министр сондай қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін де айтып берді.
Алдағы бірінші маусымнан бастап жалақысы өсетін мамандардың қатарында дәрігерлер де бар. Бұл үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «29 мыңнан аса дәрігер, 90 мыңнан аса орта, 60 мыңнан аса кіші қызметкерлердің жалақысы өседі. Шымкентте 10 мыңға жуық қызметкерлердің жалақысы өседі”.

Қазіргі оқушылар тек біліп қана қоймай, алған білімін пайдалануы керек. Сонда ғана ол білім қажетіне жарайды. Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова ендігі білім жүйесі жаттатуға емес, ойлануға бағытталатынын айтты.

Үкіметтің жұмыс тобының сапары ертең де жалғасады.

Жәнібек Нұрыш