Премьер-министр Instagram-ға тіркелді

320

Бүгінде биліктің биігінде жүргендер әлеуметтік желіге жаппай тіркелуде. Бұл өз кезегінде халықпен кері байланыс орнатудың тиімді әрі төте жолы іспетті. Күні кеше Премьер-министр Асқар Мамин Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді.

Алдағы уақытта түрлі ақпарларды шенеуніктің парақшасынан біліп отыруға болады. Асқар Маминнің парақшасына жазылушылары өз пікірлерін жазып қалдыра бастады. Аз ғана уақыттың ішінде оқырмандардың қатары үш жүзден асып кетті.