Сапалы техникаға сын айтушылар жоқ

164

Бүгін «SDLG» қытай кәсіпорнының ресми өкілі саналатын «Sevalo» компаниясы бірнеше автоколіктерін көрмеде ұсынды. Таныстырылған су жаңа темір тұлпарларды тамашалауға келушілер қарасы көп болды. Олар халықаралық нарықта өзіндік орны бар компанияның өнімдерін арнайы жеңілдікпен сатып алып қана қоймай, жүлделер ұтысына да қатысты.

SDLG Қытай компаниясы отандық нарықта 10 жылдан бері келеді. Осы уақыт аралығында кәсіпорын өкілдері тұтынушыларымен жиі кездесіп отырады. Ал бұл жолы жаңа модельдерді таныстыру үшін құрылыс техникасының кең ауқымын ұсынған қытайлық мамандарды шақырыпты.

Гари Ли, SDLG компаниясының өкілі: «Біз Қазақстанға техниканың бірнеше түрін әкелдік. Ол фронтальды жүк тиегіштер, автогрейдерлер мен экскаваторлар. Бірақ бұл аталған техникалардың барлығы еуропалық технология бойынша жасалған, сондықтан оның сапасы да жоғары. Мұнда, яғни, Қазақстанда біздің өз дистрибьюторларымыз бар. Ал олар ішкі нарықта өнімдерімізді табысты өткізіп келеді. Сол үшін қуаныштымыз…»

«Sevalo» Қазақстан компаниясы Қытай өндірушілерінің эксклюзивті дистрибьютері. Олар республикалық нарыққа енгелі 2 мыңнан астам техниканы сатып үлгерген. Мұндағы машиналардың ішінде фронтальды жүк тиегіштер ең көп сұранысқа ие. Мамандар оның бір жарым мыңнан астам данасы сатылғанын айтады. Сондай-ақ, олар осы уақытқа дейін тұтынушылар тарапынан техникаға қатысты ешқандай арыз-шағым түспегенін айтып мақтанды.

Болат Ибраев «Sevalo” компаниясының өкілі: «Ең алдымен бұл өте сапалы әрі сенімді техника. «SDLG» қытайлық компаниясы шведтік “Вольво” концернімен жұмыс жасайды. Зауыт Қытайда, құрастыру жұмыстарының барлығы да Қытайда атқарылады. Бірақ қосалқы бөлшектерінің барлығы да шведтік Вольво концерніне тиесілі. Сапасы өте жоғары. Сатылым барысында ешқандай шағым түскен емес. Бүгінгі көрмеде жеңілдікпен сатып алуға болады».

Кәсіпорын өкілдері тұтынушыларын қуантудан жалықпайды. Компания алғашқы сатып алушылары үшін жүлделі ұтыс ойынын ұйымдастырыпты. Сондай-ақ, «SDLG»-дің техника көрмелерін «Sevalo» мамандары облыстың өзге өңірлерінде де ұйымдастыруды жоспарлап отыр.