Шымкентте дәрігерлер қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады

204

«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» Ұлттық бағдарламасы аясында «Сау болу-сәнді!» ұранымен ашық есік күні өтеді. Шара аясында қаладағы барлық емханаларда 5-сәуір күні дәрігерлер қала тұрғындарын кезексіз әрі жолдамасыз қабылдайды.

Атап айтқанда, бұл күні емханаларда дәрігерлер жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, неврапотолог, кардиолог, эндокринолог, гинеколог мамандар қала тұрғындарын жолдамасыз қабылдайды. Ашық есік күні таңғы сағат 09:00 және 13:00 аралығында өтеді.