Шымкентте демалыс аймағында жылжымалы емхана халыққа медициналық қызмет көрсетеді

347

 6 сәуірде сағат 10:00-13:00 аралығында Шымкент қаласындағы «Арбат» отбасылық демалыс аймағында «Денсаулық» күніне орай ауқымды акция өтпек. Бұл күні жылжымалы емхана демалыс орнында халыққа медициналық көмек көрсетеді.

Акция барысында жоспарланған денсаулық қалашығында қала тұрғындары жолдамасыз – ақ дәрігерлерге невропатолог, кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, нарколог, аллерголог, офтальмолог, фтизиатр, стоматолог, онколог, травматолог-ортопед дәрігерлерінің қабылдауынан өтуге болады. Сондай-ақ тегін экспресс-анализдер тапсырып кеңес алуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, дене белсенділігін насихаттау мақсатында бірмезеттік жаттығу, викторина ойындары, спорттық көріністер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.