Түркістан облысындағы 9 индустриалдық аймақ 4-ке қысқарады

281

Өңірдің жаңа басшысы игі бастамаларды бастап кетті.

«Облыстың экономикасын арттыру бағытында индустриалдық аймақтардың жұмысы жүйеленбек. Аймақтар әрбір ауданның ерекшелігі және мүмкіндігіне қарай дамитын болады. Инвесторларды тарту және де кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында индустриалдық аймақтағы өндіріс орындарының электр жарығы, табиғи газ, су тарифі жеңілдетілген тарифпен қамтылуына жағдай жасалады. Бұл Түркістан облысы үшін өте маңызды жобалардың бірі деп нақтылады», облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Талдау жасадық, өңірдегі 9 индустриалдық аймақтың бірі нашар жұмыс істеп тұрса, бірі мүлдем тоқтап қалған. Ол индустриалдық аймақтардың төртеуін қалдырып, дамытуға қаржы жұмсалады. Олар мына салаларды қамтиды: машина құрастыру, азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсібі және құрылыс индустриясы. Атап айтсақ, Ордабасы, Шардара аудандары мен Түркістанда аймақтар жұмысын жалғастырады және Кентау қаласындағы аймақ 300 гектарға ұлғайтылып, басымдылық кеншілер қаласындағы индустриалдық аймаққа жасалмақ».

Шынар Оразова