Жоғалған жылқы иесіне қайтарылды

161

Наурыз айында Қазығұрт АПБ-не, жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында, үйінің ауласында орналасқан мал қорасындағы байлаулы тұрған 900 000 теңге тұратын жылқысы белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін көрсетеді.

Осы жайт бойынша, Қазығұрт АПБ жеке құрамының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, арызданушының жылқысы Қазығұрт елді-мекенінің оңтүстік беткейіндегі жайылымнан табылып, қолхат арқылы иесіне қайтарылған. Ал, арызданушы жылқысы табылған соң, ешкімге арыз-шағымының жоқ екенін жазбаша жазып берген.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі