3 сотық жер телімінде 500 мың теңгеден жоғары табыс табу мүмкін бе?

249

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Текесу елді мекенінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында семинар-шеберлік сабағы өткізілді.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының, маслихат депутатының, тұрғындардың және Алматы қаласынан келген арнайы мамандардың қатысуымен Әл-Фараби ауданы Текесу елді мекені, №121 жалпы орта мектебінде «Social Farm» тұрақты егіншілік орталығымен қалалық жағдайдағы ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында семинар-шеберлік сабағы өткізілді.

Семинар барысында үй іргелік (3-6 соттық) жер телімінде 500 мың теңгеден жоғары табыс табу немесе отбасылық жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері көрсетілді және Европалық мәдениет, технологиялар, стандарттар және сертификаттар жөнінде баяндамалар оқылды. Тұрғындар тарапынан бағдарламалар бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.