Арнайы мемлекеттік мұрағатта ашық есік күні өтеді

838

2018 жылдың 31 мамырында сағат 10:00-ден бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ақпараттық-талдау орталығының Арнайы мемлекеттік мұрағатында Ашық есік күні өтеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты мұрағаттық анықтамаларды және тарихи құндылығы бар мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді. Полиция департаментінің мұрағатынан келесі қорлар бойынша ақпарат табуға болады:

«Бұрынғы КСРО-ның Германиядан бұрынғы әскери тұтқындалған және қайта оралған азаматтарының сүзу және олжалық істері, материалдары»;
– «Сот органдары ақтаған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер»;
– «Ақтауға жатпайтын тұлғаларға арналған мұрағаттық қылмыстық істер».

Шымкент ҚПД АТО арнайы мұрағатында ақталғандар немесе олардың туыстары тоқтатылған істердің материалдарымен танысып, сақталған қолжазбаларды, фотосуреттерді және басқа да жеке құжаттарды ала алады.

Ақпарат-талдау орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының Ашық есік күні мына мекен-жай бойынша өтеді: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, № 3, 3 қабат (Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының әкімшілік ғимараты).