Ауызашар кезінде жарылыс салдарынан күйіп қалған екі адам көз жұмды

271

Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалған бес жарым жасар бүлдіршін мен 1958 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды. «Екеуі де ауыр халде болған. Денелерінің 98 пайызын күйік шалған», – дейді дәрігерлер. Қалған алты адам бүгін облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды.

Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша дәмханадағы 50 литрлік газ балоны жарылған. Қазір оқиғаның себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.

Жанар Есенбекова