Бірлігі жарасқан елдің еңсесі биік!

184

Леңгір қаласында 30 шақты ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату – тәтті күн кешіп келеді. Халықтар бірлігі мерекесінде де бір үйдің баласында орай орталық алаңға жиналды.

Халықтар достығы күніне арналған мереке бір сапта тізе қосқан достық шеруден басталды.

Шеру ортаға шыққан оқушыларымен ғана ерекшеленген жоқ. Одан бөлек боксшылар, дзюдошылар мен жас футболшылар да шара көркін келтірді.

Бір шаңырақ астында тату – тәтті күн кешіп жатқан, қазақ, өзбек, неміс, орыс балалары ән мен биден шашу да шашты. Ал, немерелерімен келген үлкендер балалық шақтарын еске алып, риза болып тарқасты.

Назерке Үкібасова