Úı Jańalyqtar Экология департаментінде ашық есік күні өтеді

Экология департаментінде ашық есік күні өтеді

2019 жылғы 20 маусымында ҚР Энергетика министрі Қ. А. Бозымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуін өткізу жоспарланған.

Проблемалық мәселелерді сапалы пысықтау мақсатында 5 маусымына дейін Шымкент қаласы бойынша экология департаментімен қала аумағындағы проблемалық мәселелерді талқылау үшін тұрғындарды шақыра отырып, «Ашық есік күнін» өткізу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, 3 маусымында сағат 9-00-ден Шымкент қаласы Ш. Қалдаяқов көшесі, 12 үйде орналасқан Шымкент қаласы бойынша экология департаментінде ашық есік күні өткізіледі.