Мәжілісте «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру» заң жобасы қаралды

212
Мәжіліс отырысы өтуде

Мәжілісте «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру» заң жобасы қаралды.

Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрінің айтуынша бүгінде 4 мыңға жуық бизнес субъектілері банкроттық рәсімді өтіп жатыр, 400 кәсіпорын оңалту кезеңінде. «Әрбір төртінші жағдайда кәсіпорынды сот банкрот деп танудан, әрбір үшінші жағдайда оңалту рәсімін қолданудан бас тартады екен. Өйткені борышкер төлем қабілеттілігі мен кәсіпорынды қалпына келтіруге қауқарлы екенін дәлелдей алмаған», дейді баяндамасында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Алайда, құжаттың қауіпті тұстары да бар екен. Онымен танысқан депутаттар заң жобасының кей нормалары істеп тұрған кәсіпорынды қолдан тақырға отырғызу қаупі бар екенін айтты. Сенат төрағасы «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру» Заң жобасы бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Нұрлан Нығматуллин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы: «Әдейі банкроттыққа ұшырату нормаларын жою бойынша сіздердің түзетулеріңіз еліміздегі бизнесті жүргізу негізіне қауіп төндіреді. Осыны түсіну қажет».

Мұндай сын ескертпеден кейін Ұлттық экономика министрлігіндегілер жобаны қайта қарайтын болды.

Мадина Жүнісбекова, Ұлттық экономика вице-министрі: «Заң жобасы бизнестің жағдайын жақсартуға, оңалту процедуралары мен кейін кәсіпорынды қалпына келтіру, өзінің төлем қалбілетін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Барлық нормалар қарастырылған. Бірінші оқылымда көтерілген мәселелерді біз назарға алып, қайта қарап шығамыз».

Шынар Оразова