Сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері талқыланды

819

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Шымкенттегі «Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің  міндеттері» тақырыбында семинар өткізді.

Мамырдың 20 -нан бастап жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне сайлаушылардың тізімдері табыс етілді. Биылғы жаңашылдық сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыш жасақталады. Көзі көрмейтін, құлағы нашар еститін азаматтар осында орнатылған компьютердегі бағдарлама арқылы өз құқығын пайдаланады. Сайлаушылар  тізімнен өздерінің барын  анықтап алуына мүмкіндіктері  бар.

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: «Орталық сайлау комиссиясының  мүшелері 17 өңірлерді аралап, учаскелік сайлау комиссияларының міндетін, мүшелерінің заң шеңберінде жұмыс істеуі бойынша семинар өткізді. Қазіргі таңда учаскелерде қажетті ақпараттық әдістемелік материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз ету».

Шынар Оразова