Салауатты өмір салтын насихаттаушылар сауда орталығында акция өткізді

196

Салауатты өмір салтын насихаттаушылар Түркістан облысындағы сауда орталығында акция өткізді.

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығы емxанасы дәрігерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні аясында «Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз!» ұранымен “SULPAK” сауда-орталығында ақпараттық акция өткізілді. Негізгі мақсат жергілікті халыққа медициналық қызметті қолжетімді етіп, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру.

Акция барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары xалық арасында артериялық гипертонияның алдын алудың маңыздылығын насихаттап, кардиолог, терапевт дәрігерлері қала тұрғындарына медициналық кеңес беріп, артериалық қан қысымын өлшеп, қандағы қант, xолестерин мөлшерін анықтап, халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, іс -шара барысында xалық арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.