Шымкентте «Автобус» іс-шарасының бірінші күнінде 141 әкімшілік хаттама толтырды

337

Шымкент қаласының аумағында автобустардың техникалық жағдайын тексеру бойынша республикалық «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы ПД ЖПҚБ қызметкерлері жолаушылар автобустарының жүргізушілері жасаған жол қауіпсіздігі ережелері бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде: маневр жасау ережелерін бұзу және техникалық тексеруден өтпеген автобустарды басқарудың жолын кесті. Сонымен қатар, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған жүргізушіге, жылдамдық режимін бұзған, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушіге, еңбек және демалыс тәртібін бұзған жүргізушілерге айыппұлдар салынды.

Іс-шара кезінде полицейлер зиянды ластаушы заттар шығатын автобустарды анықтауға аса көңіл берді.Айта кету керек, мұндай рейдтер жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

1 тәуліктің нәтижесімен іс-шарада жалпы 141 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде: ӘҚБтК-нің 334-бабы (қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 17; ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 4; ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 4; ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 32; ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 3.