Түзету мекемесіндегілер өз қолдарымен жасаған өнімдердің көрмесін өткізді

153

ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеушілердің өз қолдарымен жасалған өнімдер мен тауарлардың көрмесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мекемедегі сотталғандарды жұмыспен қамтуды көздей отырып, өндірістің мүмкіндіктерімен таныстыру және өндірілетін тауарларға қосымша тапсырыс алу.

Көрмеге шағын және орта кәсіп иелері, аудандық жұмыспен қамту орталығының, кәсіпкерлер палатасының және аудандық әкімшілік өкілдері қатысты.

Жергілікті кәсіпкерлер түзеу мекемесінде ашылған жұмыс орындарына, олардың шығарған өнімдеріне қызығушылық танытып, тиімді жақтарын ескере келе, мекемеде кәсіпкерлік орындарын ашуға ниет білдіріп отыр.

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, біріншіден олардың отбасыларына көмектесуіне мүмкіндік берсе, екіншіден бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына да тәжірибе жағынан пайдасы болары анық.