Төлебилік тұрғындар келер жылы таза ауыз сумен толық қамтылады

120

Бүгінде аудандағы 55 елді мекеннің 53-і орталықтандырылған ауыз су құбырының шарапатын көріп отыр. Су тасудан құтылған төлебиліктердің жағдайы жақсарып отыр.

Тағайна елді мекенінің тұрғындары суды құдықтан тартып, арықтан тасып ішкен. Ауылға ауызсу құбыры тартылғалы жағдай өзгерді.

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы аясында төлебиліктерді сумен қамту қарқынды жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы ауданда тағы 5 ауылда ауыз су мәселесі шешіледі.

Төлебилік басшылар ауданды толық таза сумен қамтамасыз еткеннен кейін, тозығы жеткен су құбырларын жаңартуды жоспарлап отыр.

Ғалымжан Кенжебек