Түркістанда керосин ішіп қойған бала аман қалды

321

Түркістан қаласында төрт жасар бала керосин ішіп қойған. 2015 жылы туған ер бала 10-шы мамыр күні түс кезінде химиялық сұйықтықты ішіп қойғаны анықталған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған.

Шұғыл жеткен ақ халаттылар уланған баланы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген. Жедел білікті дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде баланың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Жанар Есенбекова