Таулы ауданда алты мектепке қосымша ғимарат салынады

224

Төле би ауданында биыл алты мектепке қосымша ғимарат салынады. Соның бірі, Киелітас елді – мекеніндегі Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебі. 2000-шы жылы ауыл жұрты асарлатып соққан оқу ордасында акт және спорт залы, асхана, кітапхана қолданысқа беріледі.

Спорттық және өнер додаларында облыс көлемінде топ жарып жүрген оқушылардың қуанышында шек жоқ. Қазіргі таңда, абаттандыру, құрал-жабдықтарды орнату, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ғалымжан Кенжебек