Түлкібас аудандық полиция бөліміне 5-мамыр күні бірден үш зейнеткерден шағым түсті. Олар «Казпочта» қызметкері желтоқсан айындағы зейнетақыларын иемденіп кеткендігін хабарлады. Ол жаратып қойған ақшаны қайтаруға уәде бергенмен өз сөзінде тұрмаған.
Аталған шағымды полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы бойынша «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізімі бойынша тіркеуге алды. Полицияның аудандық бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бірден ұйғарым жасады. Анықталғандай, зәбір көрушілер зейнетақыларын «Қазпочта» қызметкері арқылы өз үйлерінен алып отырған.
Өткен жылдың желтоқсан айында әйелдің 250 000 теңгені зейнеткерлердің үйлеріне әкелмей қойғаны анықталды. Күдікті қолхатта.