Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы министрлік өкілдерінің жалақысымен теңеседі

229

Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы министрлік өкілдерінің жалақысымен теңеседі. Бұл турасында Шымкент әкімдігінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жесқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қатысқан жиында мәлімдеді. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін арттыру басты мақсат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қатысқан қала активімен жиында мемлекеттік қызметкердің көңіліне қуаныш ұялататын ақпараттар көп айтылды. Соның бірі факторлық балдық шкала жүйесіне негізделген пилоттық жоба. Аталмыш жүйе арқылы әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 2,2 есеге өсіп отыр.

Еркеғали Әлімқұлов, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы: «Мысалы аудан әкімдігінің бас маманның жалақасы – 77 500 теңге болса, бүгінде153 105 теңге болып отыр. Яғни, екі есеге артып отыр. Басқарманың бас маманының жалақысы — 83 353 теңгеден 153 105 теңгеге өсті».

Аталмыш жоба мемлекеттік қызметке қызығушылар санын екі есеге өсірген. Бұл сондай-ақ, жемқорлықты ауыздықтауға мүмкіндік береріне сендірді әкімдік басшылары. Егер көздеген жоспарлары орындалатын болса, тек мемлекеттік емес өзге де бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы артады.

Еркеғали Әлімқұлов, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы: «Атап айтқанда, бала бақшаға және мектепке баратын балалары бар қызметкерлерге тиімді уақыт жасап бердік».

Қала активімен кездесу барысында Алик Шпекбаев үздік компанияларда жұмыс тәжірбиесі бар немесе әлемдік жетекші университтердің ғылыми дәрежесі бар жоғарғы білікті азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдаудың оңтайландырылған механизмі енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ғалымжан Кенжебек