Құнды отынға құмар ұры құрықталды

260

Күні кеше «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары Түркістан облысы Отырар ауданының құмды алқабында сым арқанмен сексеуіл ағашын түбінен сындырып, КамАЗ автокөлігіне артып жатқан жерінен Шардара ауылының тұрғынын Б.Б. ұстады.

Оқиға орнына Отырар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылып, ҚР ҚК 340-бабының 2 тармағымен СДТБТ-де тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.