Қорғаныс министрі: Арыс қаласындағы оқ – дәрі қоймасы болмайды

279

Жарылыстан әбден зәрезап болған арыстықтар бүгін тұрғылықты мекендеріне қайта оралды. Оларды Түркістан және Шымкент қалаларының әкімдері ғана емес, сондай-ақ Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қарсы алды. Оларды алдағы уақытта да дәл осы жағдай қайталанбай ма деген сауал мазалары сөзсіз.

Еліміздің Қорғаныс министрі бүгінгі күні Арыс қаласында ешқандай қауіп жоқ екендігін тілге тиек етті.

«Еліміздің қарулы күштері Арыс қаласына жиналды, бұл 45 инженерлік-саперлық топқа бөлінген 500-ден астам адам, олар күн сайын тәулік бойы жұмыс жасап, Арыс қаласының аумағын жарықшақтар мен оқ-дәріден 100 пайызға тазартты. Барлық снарядтар сақтандырғыштардан бөлек сақталған. Ұзақ қашықтыққа ұшатын снарядтар механикалық зақымдалған. Қазір ондай қауіп жоқ, жарылыс кезінде барлық жауынгерлік оқ-дәрілер жойылды. Ол жерде ештеңе қалған жоқ.

Радиациялық барлаудың арнайы бөлімдері осы аймақтағы радиацияның және химиялық жағдайдың мониторингін жүргізді. Экология министрлігі ауа құрамын бақылайды. Рұқсат етілген нормадан асып кетпеуі бақыланатын болады. Тіпті қоймада да, жарылыстың эпицентрінде де рұқсат етілген нормалардан екі жарым есе төмен. Радиация тұрғысынан қауіп-қатерлер жоқ. Арыс қаласындағы қойма жойылады. Қалған инженерлік оқ-дәрілер Қазақстанның басқа қоймаларына таратылады », – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.