Бас Прокурордың бұйрығымен Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Ержан Қожабеков тағайындалды.
1973 жылы туылған Е.Б.Қожабеков Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «құқықтану» мамандығының түлегі.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласы мен Қарасай ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Алматы қаласының Медеу, Түркісіб, Алмалы аудандары, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы мен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Созақ ауданының прокуратураларын басқарды.
2018 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 21 жыл.