Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың мемлекет үшін стратегиялық маңызды басымдыққа ие екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жауапты министрліктер арқылы кәмелетке толмағандардың жағдайын жақсартуға және оларды қолдау мен қорғаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау саласында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік және медициналық көмек, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға»: Қазақстанда өскелең ұрпақты мемлекеттік деңгейде қолдау қамтамасыз етіледі. Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Бүгін Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі штаб отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен өткен жиынға штаб мүшелерімен қатар, сала мамандары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында білім бөлімінің өкілдері кәмелетке толмағандармен жүргізілген профилактикалық жұмыстар туралы баяндама жасады. Олар балаларды түрлі қауіп-қатерден қорғау, құқықтық білімдерін арттыру және тәрбиелік шараларды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қиын жағдайдағы балалар мен олардың отбасыларымен тұрақты байланыс орнату және оларға қажетті көмекті көрсету үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар, жиында құқықтық қолдау көрсету, алдын алу шараларын жүзеге асыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жоспарлар бекітілді. Аудан әкімдігі мен тиісті мекемелердің бірлесе жұмыс істеуі арқылы балалардың құқықтары толық қорғалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Штаб отырысы балалардың құқықтарын қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Барлық қатысушылар алдағы уақытта да бірлесе отырып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шаралар қабылдауды міндеттеді. Соынмен бірге, күн тәртібінде штабтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, аудандық білім бөлімі тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есебі турасында өтті. Комиссия мүшелері ұсынылған ақпараттарды талқылай келе, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Сонымен қатар 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, кәмелетке толмағандарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау бойынша кешенді іс-шараларды сапалы орындау тапсырылды. Жиын соңында штаб мүшелері бала құқығын қорғауда барлық мүдделі мекемелер мен мамандар бірлесе әрекет ету керектігін атап өтті.







