Ордабасылық дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

226
Ордабасылық дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Артериялық гипертония» дертіне шалдыққан науқастар үшін ашық есік күні өткізілді.

Шараға осы патологиядан зардап шегетін пациенттер шақырылды. Қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау, көз қысымын өлшеу арқылы – ақ, антропометрияны (салмағы мен өсуін өлшеу) өлшей отырып, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысы ұйымдастырылды.

Ордабасылық дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

Сондай-ақ, пациенттер көрінетін жерде болатын қатерлі ісіктердің бар-жоғын тексерумен ер және әйел дәрігерге дейінгі кабинеттерден өте алады. Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың кеңестері ұйымдастырылды. Емделушілермен дұрыс тамақтану, күн тәртібі бойынша әңгіме жүргізілді, слайдтар көрсетілді және осы тақырып бойынша брошюралар таратылды.

Ордабасылық дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

Пациенттер кардиолог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, онколог, эндокринолог, акушер – гинеколог дәрігерлер қабылдауында болып, кеңес алды.