Түркістан облысының Сайрам ауданында өткен жылы аудандық бюджеттен қаралған 547,8 млн. теңгеге 60 ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл округі әкімдіктерінің есебінен ұзақтығы 13,8 шақырымды құрайтын 19 ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы 3 көпір жөнделді.
Өткен жылы Ақсукент ауылындағы «Ақсу-қалалық қоқыс орны – аудандық аурухана – теміржол вокзалы» бағытындағы 3,3 шақырымдық жол және Аққала ауылына кіре берістегі «Көксәйек – Шаян – Аққала – Сарқырама» автожолы күрделі жөндеуден өткізілді.
Аталған жұмыстарға облыстық қазынадан 899,5 млн. теңге қаралған. Оған қоса аудандық маңызы бар 6 жолға 246,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Ал, 27,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар пайдалануға берілді.