Заңсыз диск сатушы ұсталды

125

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында, орталық базарлардың бірінде заңсыз дисктер сатылып жатқанын ескертеді. Осы арызға сәйкес аудандық полицейлер тез арада іске кірісіп, қажетті шараларды жасайды. Базарларда жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, рейдтік тексеру жұмыстары ұйымдастырылады.

Нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталып, айғақты зат ретінде 120 дана әртүрлі DVD дискілері алынып, тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында, күдіктінің бұрын сотты болмағаны анықталды. Бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы міндеттеме». Тексеру жұмыстары Шардара АПБ-де жүргізілуде Қазіргі таңда, осы сияқты сатылымға тыйым салынған заңсыз саудамен күрес жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, Түркістан облысы аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу. Зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографияны, сондай-ақ суициалды бағыттағы ойындарды, Интернет желісіндегі өзге де заңбұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау. Соңғы уақытта, осындай заңсыз пайда табу ісімен шұғылданып, авторлық сабақтастық құқықтарын бұзып жүргендер жиі ұшырасады.

Әрине, олар заң алдында тиісті жазасын алады. Жалпы, ҚР аумағында лицензияланған бейнефильмдерді, бейнеклиптерді өткізуге, сатып алуға, сақтауға және оны көбейтіп сатуға, тасымалдауға лицензиялық келісім-шарт жасалуы керектігін ұмытпаңыздар.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі