Жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен тұрақты мекенжайға тіркеуге болады

275
фото Stan.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, дүниеге бала келгенде проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу жүйесін қосты.

Бұл мемлекеттік корпорацияның бастамасымен Ішкі істер мен Әділет министрліктері дерекқорларын интеграциялау нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұдан былай жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжайға тіркеуге қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.