Қазақстанның 3 облысында оба ошағы тіркелген

337

Қазақстанның 3 облысында оба ошағы тіркелген. Бұл туралы еліміздің бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Айтуынша, елімізде оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Ал Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының ошақтары анықталды.

«Қазақстанның барлық облыстарында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру сияқты қауіпті індеттердің қолайсыз стационарлық пунктері бар», деді бас санитар.

Мақпал Рысбаева