100 мың теңгелік көмекке арыстықтардың 90 пайыздан астамы құжат тапсырып үлгерді

149
Арыс бір реттік көмек құжат
фото Zakon.kz

Арыстықтардың 90 пайыздан астамы 100 000 теңгелік бір реттік көмекке құжат тапсырып үлгерді. Бұл туралы Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы брифингте қала әкімі мәлімдеді.

Қазіргі таңда қаладағы 340 үй жөнделіп біткен. Қираған баспаналарды қалпына келтіру үшін 3 мыңнан астам құрылысшы жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қала аумағы мен әскери қоймадан 20 шақырым радиус қашықтықта тексеру, тазалау шаралары жүргізіліп келеді.

Табылған оқ-дәрілер қаладан 60 шақырым жерде жойылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Қайыргелді Хусаинов таңғы 9:00-ден 18:00 аралығында жарылыс дыбыстарының шығуы мүмкін екендігін және ол тұрғындар үшін қауіпсіз екенін айтты.

Меруерт Ахан