Баспана кезегін онлайн-бақылау мүмкіндігі қарастырылуда

570
фото inform.kz

Қазақстандықтар тұрғын үй кезегінің жылжуын online бақылай алады.

Әлеуметтік сезімтал азаматтар үшін тұрғын үй беру тетіктерін жетілдіру, осы процестің ашықтығын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың соңына дейін баспана кезегінде тұрғандардың Бірыңғай электронды базасы құрылады.

ҚР Индустриалды Инновациялық Даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, аз қамтылған азаматтар мен жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаржыландыру қарастырылған. Ол үшін Республикалық бюджеттен жылына 50 млрд. теңге немесе 7 жыл бойы 350 млрд. теңге бөлу көзделген. Жыл сайын республика бойынша тұрғын үймен 6 мың көп балалы отбасы қамтылатын болады. Биыл мамыр айынан бері елде 1480 көп балалы отбасыға баспана берілді

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Бұл деректер базасы бүкіл ел үшін бірыңғай болады. Біздің азаматтарымыздың еліміздің түрлі қалаларында кезекте тұрғаны жасырын емес, бұл жаңылыстырады, «егіздері» пайда болады. Әркелкілік бар, содан да деректердің сәйкессіздігі туындайды. Адам тұрғылықты жерін ауыстырады, оның әлеуметтік статусы өзгереді. Мәселен, оның енді бұл кезекте тұруға құқығы жоқ делік, бірақ ол сонда қала береді. Бірыңғай деректер базасын құру осындай жағдайларды болдырмайды».

Ағымдағы жылдың І тоқсанында кезекте тұрғандардың республика бойынша саны 496 мың адамнан асты. 2017 жылы желтоқсанда инвентаризация жүргізу мақсатында «Кезектегілердің бірыңғай республикалық базасы» сервистік бағдарламалық өнім жасалды, ол 2018 жылы кезектен 30 мыңға жуық адамды алып тастауға мүмкіндік берді.

Шынар Оразова