Шымкентте қанша құжатсыз қару тәркіленді?

406

Шымкент қалалық Полиция департаменті жыл басынан бері 34 қаруды заңсыз сақтап келгендерді анықтап, барлығын меншігінен айырып, тәркілеген.

Сондай-ақ, 30 азамат 39 бірлік отты атыс қаруы мен 21 027 дана ойық патрондарын сыйақы алу мақсатында өз еріктерімен тапсырған. Бұл жөнінде Шымкент қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, биыл бұл мақсатта қазынадан 2 миллион 800 мың теңге қаралып, тиісті төлем өз еркімен қару тапсырған тұрғындарға үлестірілген. Қарулардың арнайы бекітілген талапқа сай болуын комиссия мүшелері анықтайды екен.

Асхат Шарафутдинов, Шымкент қалалық ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару

Асхат Шарафутдинов

айналымын бақылау тобының аға инспекторы:»Бағалау 3 санат бойынша болады. 100 пайыз, яғни су жаңа мылтық және ол ресми тіркелмеген болса, тиісті теңгені толығымен алады. Ал қарулар кейінгі – 2 немесе 3-санат деп табылса, олардың сыйақысы да кемиді. Айта кететін тағы бір мәселе – азаматтар кейде шатасып,  рұқсаты бар мылтықты әкеліп тапсырады, бірақ оларға ақша төленбейді.  Сондай-ақ, қабылданып алынған қарулар арнайы цейфке қойылып, жылына 1-2 рет арнайы комиссияның қатысуымен, жойылып отырады».

Мөлдір Бекеева