58 гектар жер мемлекет меншігіне өтеді

357

Шымкентте 120 мыңға жуық азамат жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұр. Биылдың алғашқы алты айында 790 адам жеке тұрғын үй құрылысын салу кезегіне тіркелген. Бұл туралы Шымкент қаласы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Жәнібек Ағыбаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта басқарманың биылғы алты айда атқарған жұмыстары туралы брифингінде мәлімдеді.

Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарға тең және 4 аймаққа бөлінеді. Атап айтқанда, Тұрғын үй аймағы- 10481 га немесе 9,01% болса, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер аумағы 401 га немесе 3,82%, ал жеке тұрғын үйлер аумағы 10 080 га (24 га ) немесе 96,17%-ды құрайды. Бұдан бөлек, әлеуметтік аймақ – 1 337 га немесе 1,14 %-ды, коммерциалық аймақ – 17 092 га немесе 14,69 %-ды құраса, өзге де аймақтары – 87370 га немесе 75,13% болып отыр.
Жәнібек Ағыбаевтың айтуынша, алты айда мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу үшін мемлекет меншігіне алынатын жер учаскелерінің жалпы алаңы 58,54 га, 1 млрд 484 млн теңге құрапты.
– Атап айтқанда, көлік инфрақұрылымы объектілері бойынша, жалпы алаңы 3 га, 376,47 млн теңгеге 66 жер учаскесі сатып алынды. (Қонаев құрылысы үшін 306,6 млн теңге сомасына 29 учаскесі сатып алынды, Н. Назарбаев даңғылының құрылысы үшін -27,05 млн теңге сомасына 15 учаскесі сатып алынды.; Сыпырған ата көшесін салу үшін 13,7 млн теңге сомасына 10 учаскесі сатып алынды.; Тәуке хан көшесін салу үшін 6,64 млн теңге сомасына 5 учаскесі сатып алынды.; Жібек жолы көшесін кеңейту үшін – 14,1 млн теңге сомасына 5 учаскесі сатып алынды.; құрылыс үшін Әл-Фараби – 664 мың теңге сомасына 1 учаскесі сатып алынды). Қонаев даңғылы 2,5-кезеңдерін жалғастыру үшін, Адырбеков көшесін кеңейту, Тұран ш/а 1,2,7 көшелерін салу үшін, жер пайдаланушылардан мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүргізілуде). Көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандары құрылысы бойынша, барлығы 1 млрд 107,4 млн теңге сомасына 93 жер учаскесі сатып алынды. (Шымкент сити қалашығының құрылысы үшін 389,7 млн теңге сомасына 12 учаскесі сатып алынды, Тұран ш/а құрылысы үшін -158,8 млн теңге сомасына 16 учаскесі сатып алынды. Ескі қала құрылысы үшін (Цитадель) – 246,535 млн теңге сомасына 21 учаскесі сатып алынды. Қошқар ата өзенінің жағасына көп қабатты тұрғын үйлер мен көгалдандырылуы жұмыстарын жүргізу үшін 201,1 млн теңге сомасына 15 учаскесі сатып алынды. Қошқар ата өзенінің жағалауынан 35 м-ге дейінгі қашықтықта абаттандыру құрылысы үшін барлығы 61,1 млн теңге сомасына 7 жер учаскесі сатып алынды. (жұмыстар жүргізілуде); әкімшілік іскерлік орталығы (ӘІО) бойынша 49,9 млн теңге сомасына 22 жер учаскесі сатып алынды,-дейді Жәнібек Ағыбаев.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 6 айы бойынша Әкімдіктің атынан Басқарма 1 479 шарт құрған. Соның ішінде жер учаскелерді сатып-алу бойын-ша 343 шарт, уақытша қолдану (жалға алу) бойынша 921 шарт, жер учаскелерді жалға беру құқығын сатып-алу бойынша 215 шарт жасалған. Биылдың алты айында қала бюджетіне түскен қаражаттың саны 506,770 миллион теңгеге жетіпті.
Сондай-ақ, 2019 жылы Шымкент қаласы аумағында жер заңдылығын бұза пайдаланып жатқан 107-тұлғаның жер учаскесіне тексеру жұмыстары жүргізіліп 4 183 966 теңге айыппұл салынған. 114 жер учаскесіне жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқамалар табысталды. Тексеру нәтижесінде 14 жер учаскесінде заң бұзушылықтар анықталмады.
Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алған 18 тұлғаға 3 690 130 теңге айыпұл салынған. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай жатқан 14 тұлғаға 380 211 теңге айыпұл салынды.

«Оңтүстік Рабат», №30,  24 шілде 2019 ж