Шымкентте адвокаттар тегін кеңес берді

283

Заң саласына қатысты сауалы бар немесе келеңсіз жағдайдың куәгері болған, тіпті қоғамда құқығы тапталған – жапа шеккен жұртшылық таң сәріден «Арбатқа» ағылды.

Себебі саябақта Шымкент қаласының адвокаттар алқасы «ашық есік» күнін өткізіп жатыр. Онда жеке және заңды тұлғалар үшін тегін заңгерлік кеңес берілуге көшкен. Енді таңғы сағат 10-00-де басталған бастама түс ауа 16-00-де тәмамдалмақ. Ал Шымкент қаласының адвокаттар алқасының басшылығы қазірдің өзінде 100-ге жуық адам келіп, қорғаушылардың көмегіне жүгінгенін жеткізді.

Серік Баймұратов, Шымкент қаласының адвокаттар алқасының төрағасы: «Халықтың көкейінде жүрген сауалдардың дені – алимент, сосын несиесін төлей алмайтындығы екен. Сондай-ақ, өзара тілхат арқылы берілген берешек-қарыздары бойынша да көпшілік келіп жатыр. Біз бүгін бұл сұрақтарға жауапты, кеңесімізді беріп жатырмыз».

Мөлдір Бекеева