БЖЗҚ Ашық есік күніне шақырады

230
фото Хабар 24

20 қыркүйекте сағат 10:00-де БЖЗҚ АҚ Түркістан облыстық филиалы, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы 45 мекенжайында «Ашық есік күнін» өткізеді. «Ашық есік күні» аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары ерікті зейнетақы жарналары бойынша насихаттау жұмысын жүргізеді.

Қор мамандары өз зейнетақы капиталын қалыптастыру маңызы туралы және ерікті зейнетақы жарналарының келешек зейнетақыға әсері туралы айтып береді.
Ниет білдірушілердің барлығы басты күн тәртібі бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесінің қызметі мен жеке салымдарға қатысты басқа тақырыптар бойынша да жауап ала алады.