«Эврикадан» көлік ұтып алды

363

Шымкенттегі электроника мен тұрмыстық техника «Эврика» дүкенінде «Жазғы драйв» акциясының жеңімпаздарын қарсы алды. Оларға су жаңа көліктерінің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

«Эврика” дүкендер желісі «Жазғы драйв» акциясының жеңімпаздарын қошеметпен қарсы алды. Жолы болған үштік осы. Олар Қазақстан бойынша арнайы акцияға қатысқан 40 мың адамның ішінен су жаңа көліктердің иесі атанды

Юлия Цой, «Evrika» компаниясының маркетинг бойынша директоры: “Сатып алушылардың мұндай акцияларға қызығушылығы жоғары. Сол үшін оларға алғысымыз шексіз. Мұндай белсенділік бізге ұнайды. Біз әрбір келушінің қуанғанын қалаймыз. Сондықтан да олардың барлығына бірдей жағдай жасауға тырысамыз”.

Алексей Романов өзінің жаңа көлігі үшін Шымкентке Кызылордадан келіпті. “Эврика” дүкендерінің бірінде мұздатқыш сатып алғанда ол су жаңа көлік ұтып аламын деп ойламаған. Алексей өзінің ұтыс иегері атанғанына алғашқыда сенбеген.

Алексей Романов, ұтыс ойынының жеңімпазы: “Қуанышымды жеткізе алмаймын. Мен әлі де сене алмай тұрмын, Түс көргендей сезімдемін. Бұл көлікті біраз айдаған соң барып, оның енді менікі екеніне, ұтып алғаныма сенетін шығармын. Шымкенттен үйге осы көлікпен жетуді жоспарлап қойдым”.

“Жазғы драйв” акциясы ойынына 2019 жылы шыққан үш “Хюндай Елантра” көлігі қойылған болатын. Су жаңа автоны Қызыл Орданың тұрғыны мен екі шымкенттік тұрғын ұтып алды.

Гүлажар Жиханова, ұтыс ойынының жеңімпазы: «Мен “Эврикадан” несиеге ұялы телефон сатып алған едім. Сосын ұтыс ойынына келдім. “Сен ұттың” дегенде мен абдырап қалдым. Мен ұтатынымды ойламаппын да. “Эврикаға” үлкен рахмет. Біз оларға сенеміз, сондықтан осы дүкендер желісін таңдадық”.

Алда «Эврика» компаниясының клиенттерін жаңажылдық лотерея күтіп тұр. Ол кезде ұтысқа бұдан да көп сыйлықтар және де ең басты сыйлық – көліктер ойнатылады.