Шымкентте қоғамдық ұйым өкілдері қала әкіміне «Демократия үйін» ашуды ұсынды

142

Бұл бастаманы бүгін «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бану Ордабаева қала активінің жиынында көтерді. Азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп жұмыс істесе, жергілікті атқарушы билік үшін үлкен күш болар еді дейді.

Айтуларынша, қазір қоғамдық ұйымдардың көбісінің жеке ғимараты жоқ. Еліміздің өзге аймақтарындағы тәжірибені алға тартқан азаматтық қоғам өкілдері жан-жақта жұміс істеп жүрген бірлестік өкілдерінің басын қосып, біріктіретін уақыт жетті дейді. Айтуларынша, бұл халықтың түрлі әлеуметтік мәселелелерін шешуде өз нәтижесін береді.

Мақпал Рысбаева