Табысын төмендетіп көрсетуге тырысқан кәсіпкерлердің арасында депутаттар да бар

213

Оқудан тыс жұмыс істеп жүрген студенттер қосымша табыстан қағылуы мүмкін. Салықшылар кәсіпкерлерден тек мемлекетке кіріс алып келетін қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды қатаң бақылауға алатын болды. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері табыс салығынан жалтарған кәсіпкерлерге арнайы шара көруді ұсынды.

Қоғамдық кеңес алдында есеп берген Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары рейдтік тексеріс барысында табысын азайтып көрсеткен 2564 кәсіпкер анықталғанын айтты. Олардан мемлекеттік бюджетке 64 млн. 700 мың теңге өндірілген. Сондай-ақ. Нұрпейіс Құлымбетов табысын төмендетіп көрсетуге тырысқан кәсіпкерлердің арасында депутаттардың да бар екенін жасырмады.

Әріптесінің атын атап, түрін түстегені өзге халық қаулаулыларына ұнамай қалды. Жиын барысындағы көтерілген мәселенің бірі тойханаларда жұмыс істейтін қызметшілерден алынатын салық болды. Кеңес мүшелері онсыз да түн қатып тер төгіп жүрген студенттердің тиын-тебен табысынан салық алмаса мемлекет қазынасы ортайып қалмайды дейді. Салықты тек кәсіп иесінің өзінен өндіру керек дегенді алға тартады. Ал, онымен Нұрпейіс Таңсықбайұлы келіспейді.

Нұрпейіс Құлымбетов, «Ертең өседі, өнеді олар да. Ертең кезекке тұруға барған кезде сен еш жерде жұмыс істемегенсің дейді. Ертең әлеуметтік шиеленіске ұшырайды. Сол себепті тойханалардың егелерін заң жүзінде қадағалап, тек салық төлейтін қызметшілерді алу керек деген талап қою керек».

Мемлекетке кіріс келтіретін кәсіп иелерінің салық төлеу ережесінде де бір қатар қиындықтар бар екен. Салықты енгізу базасы дұрыс жұмыс істемейді. Бұл қиындық барлық департаменттерге қатысы бар. Ал, қоғамдық кеңес мүшелері оған бір ауыздан өзінің ақпараттық жүйесінің жұмысын әр мекеме өзі қолға алуы керек деді.

Гүлнұр Әмірәлі