Танымал кинорежиссер Сергей Дворцевой Шымкенттегі өзі оқыған мектепке келді

91

Шымкенттегі №29 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау ерекше өтті. Танымал кинорежиссер Сергей Дворцевой 40 жылдан кейін өзінің бітірген мектебіне келіп, балаларды жаңа оқу жылынаң басталуымен құттықтады.

Мектеп ішін аралап өзінің бұрынғы сыныбына кіріп, бала кездегі естеліктерімен бөлісті.

Сергей Дворцевой, кинорежиссер: “Мен мұнда 1979 жылдан бері болмадым, бұл жердің иісі де баяғыша. Мектепте бұзық та болдық, сабақтан қаштық, бұның бәрі өтті ғой енді. Мен Шымкентте тұрмасам да, бұл қала маған ыстық. Өйткені анам, достарым, жақындарым осында”.