Қызылжар шағынауданында су жаңа мектеп пайдалануға берілді. 900 орындық оқу орнының өзгелерден ерекшелігі онда жедел саты бар. Бірақ Шымкент қаласы әкімінің өзі ашқан білім ұясында әзірге нөмір мен аты жоқ. Айта кетейік, осы оқу маусымында қала бойынша 5 мектеп қолданысқа тапсырылды.
Ақ бантик киген қыздар мен ақ көйлек киген бұл балалар 3 ай демалып енді су жаңа мектепке білім нәрін алуға келген. Қызылжар шағынауданында тұратын оларды құттықтап ел ағалары да ат басын бұрыпты. Шымкент қаласы әкімі бастаған ақ жағалылар алдымен ақ батасын беріп, одан соң оқушылармен бірге партаға да отырып көрді.
Жаңа мектептің өзгелерден ерекшелігі де бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да жағдай жасалған. Ол қала мектептерінде бұрын соңды болмаған жедел саты. Айта кетейік, қалалық білім басқармасы басшысының айтуынша биыл тек жоғарғы сынып оқушыларына кітаптар жетіспейді екен.
Айгүл Текебаеваның сөзінше 3 ауысымдық мектептер саны да азайған. Оған осы оқу маусымында қаламызда ашылған 5 жаңа мектеп өз ықпалын тигізген.
Назерке Үкібасова