Білім мекемелері қысқы маусымға дайын

125

Шымкенттегі білім беру мекемелері жылу қабылдауға дайын. Естеріңізге салар болсақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов биылғы жылыту маусымын 25 қазанан бастау туралы өкім шығарған болатын.

Шымкент қаласындағы 247 білім мекемелерінің 121-і орталықтандырылған 126 жеке қазандықпен жылытылады екен. Орталықтандырылған қазандықтан жылытылатын мектеп пен бала – бақшалардың барлығында сығымдау жұмыстары жүргізілген, оған бюджеттен 71 млн. теңге қаражат бөлініпті. Ал жеке қазандық үшін қажетті қатты және сұйық отын мектеп пен бала – бақша қоймасына жеткізіліпті.

Нұрлан Күдерұлы