Кентауда жаңа тұрғын үйлер салынуда

990
Кентау

Кентау қаласына биыл 64 жыл. 5-қазанда атап өтілетін мерейтой қарсаңында шаһардағы тозығы жеткен үйлердің қасбеті, шатырлары жаңаланып, жаңа тұрғын үйлер пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

50 жылда ел жаңа.

Ескі үйлер жаңалануда

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында Кентау қаласындағы Кеңес Одағы кезеңінен жөндеу көрмеген 44 көпқабатты үйді күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатта бюджеттен 1 159,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Кентау қаласында биыл 44 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, келер жылы 74 үй, ал 2021 жылы 73 баспана жаңаланады. Бұдан бөлек, кезекте тұрған 4 мыңнан астам азаматты баспанамен қамту мақсатында тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Кентауда тұрғын үйлер бой көтеруде

Былтыр құрылысы басталған 5 көпқабатты үйдің үшеуі биыл пайдалануға берілді» дейді Кентау қаласы әкімдігінің құрылыс-сәулет бөлімінің бас маманы Елнұр Еркінұлы
Одан бөлек, кеншілер қаласында 60 пәтерлі бес қабатты 12 үй салынып жатыр. Осы жылы соның 7-еуін тапсыру жоспарланған. Келер жылы тағы 15 үйдің құрылысы басталмақ.

Шынар Оразова