Түркістан облысының полицейлері қан тапсырды

197

Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері ерікті түрде Ордабасы аудандық орталық ауруханасына барып, қан тапсырды. Осылайша игі іс атқарған полицейлер, өзгенің өмірін сақтап қалуға азда болса өз үлестерін қосуды мақсат етті. Донор полицейлер қанға мұқтаж адамдарға өз қанын бере отырып, өзгелерге үлгі болды.

Аталған іс-шараға Ордабасы АПБ-нің алдын ала қажетті медициналық тексерістерден өткен 20 полиция қызметкері қатысты. Олардың арасында жедел уәкілдер, тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары бар. Бұл күні медициналық мекеменің қан қоры 7 литрге ұлғайды.

Қан тапсырушы полицейлер бірауыздан: «Қан тапсыру арқылы айтып-айтпай келген сырқаттар мен жол апаты салдарынан жапа шеккен мыңдаған тұрғынды аман алып қалуға болады. Біз бұл әрекетімізді жасалуға тиіс іс деп білеміз, яғни азаматтық борышымыз» -дейді.

Жалпы қай жерде, қай елде болмасын адамдардың көп қан жоғалтып, қайта құюды қажет ететін жағдайлары орын алатыны белгілі. Полицейлер осындай ауыр жағдай орын алмай тұрып, қажет кезде дайын тұрсын деген шын ниетпен бүгінгідей жақсылық ісін жасады.

Аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің айтуынша қан бірінші кезекте күрделі онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға, босанғаннан кейінгі әйелдерге, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердерге қажет. Донор өз қанын бере отырып, қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесе алады.

Сондықтан тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, өзге де дені сау азаматтарды осылай қан тапсырып тұруға шақырды.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі