БЖЗҚ Ашық есік күніне шақырады

174

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау». Қазір зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткені әрбір Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ зейнетақының көлемін алдын-ала есептеудің жолы бар ма? Ерікті жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септігін тигізеді?

Қор мамандары мен әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретін болады.

«Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.

Өтетін орны «Нұр-Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі 3